Филиппиндегі алапат дауылдан 2 адамның қаза тапқаны мәлім болды.
Желдің жылдамдығы сағатына 195 шақырымға дейін жеткен. Өңірде жарық та, жол да жоқ. 3 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар «Ноул» тайфунымен қоса, нөсер жаңбыр жауып, лай көшетіндігін алға тартады. Сол себепті тайфун тұрған аймаққа жақын Тайвань мен Жапония елі де алдынала қам жасап жатыр. Жалпы, Филиппинде жыл сайын 20-ға жуық дауыл тұрады. Жолындағыны жалмаған табиғи апаттың жойқыны 2013 жылдың желтоқсанында болған еді. Естеріңізде болса, «Хайянь» тайфунынан сол кезде 8 мыңнан астам адам қаза тапты. 4 млн тұрғын үй-күйсіз қалды.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63826-h-mdy