Брюссель тұрғындары «Қазақфильмнің» соғыс туралы туындысын тамашалады

0
519

3

«Артымызда Мәскеу». Брюссельде «Қазақфильм» киностудиясы соғыс туралы фильм фестивалі аясында осындай картина ұсынды.
Аталған шараны Қазақстан, Ресей және ТМД елдері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай арнайы ұйымдастырған. Фильм атақты қазақ қолбасшысы, жазушы-панфиловшы Бауыржан Момышұлы кітаптарының желісімен түсірілген. Кинотуындыда 1941 жылы Мәскеу түбінде фашистердің шабуылына тойтарыс берген панфиловшы батырлардың ерлігі баяндалады. Осы қиян-кескі ұрыста ерлігімен көзге түскен Бауыржан Момышұлы 1942 жылы Кеңес одағының батыры атағына ұсынылды. Алайда бұл атақ батыр қаза болғаннан кейін, 1990 жылы берілді. Сонымен қатар фестиваль аясында қазақстандық батырлардың ерлігіне арналған сурет көрмесі ашылды.
Ержан Кистафин, Белгиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі:
– Біз Астанадағы мемлекеттік мұрағаттан соғыс жылдарының хроникасын алдық. Мұнда біздің бостандығымыз үшін өмірлерін қиған батырламыздың суреттері, сол зұлмат заманда қандай оқиғалар болғандығына дәлел құжаттар ұсынылған. Қазақстан тарабы аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының повесі мен материалдарына негізделген «Артымызда Мәскеу» фильмін ұсынды.
Александр Разумов, Бельгиядағы РФ елшілігінің кеңесшісі:
– Бұл біздің ортақ мерекеміз, мен осы күні айтылған барлық тілектерге қосыламын. Бәріңізді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63819-ashalady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз