Өртенбей қалған намазхана мен Құран жайлы әңгіме

0
486

11150429_367539413446383_7994034517508606041_n

«Құдай жоқ» деген кез келген адамның өзі қандай да бір жаратушы күштің барына, он сегіз мың ғаламды әлдебір жаратушы күштің басқарып тұрғанына күмән келтірмейді. Өйткені күнделікті өмірдің өзінде адам түсіндіріп бере алмас, тылсым құпия құбылыстарға жиі кез боламыз. Мәселен базары жиі өртенетін Алматының барахолкасында жақында «Адем» сауда үйі өртенгені белгілі. Алайда 25 мың шаршы метрді күлге айналдырған өрт кезінде сауда үйінің намазханасын тілсіз жау айналып өтіпті. Сауда үйінің ішінде газ балоны жарылып, құрылыс материалдары мен ішіндегі манекендердің түрлі улы газдар шығарып, алапат өрттің температурасы 270 градусқа жеткенін ескерсек, «Адемнің» намазханасының өрттен аман қалуы кездейсоқ сәттілік емес секілді. Жалпы мұндай «кездейсоқтық» бірінші рет емес. Куәгерлер Шымкенттегі «Бекжан» базары өртке оранғанда да намазханасының өрттен аман қалғанын айтады. 2010 жылғы 12 наурызда Алматы облысы Аксу ауданының Қызылағаш ауылында болған су тасқыны кезінде тұрғын үйлердің 70 пайызы қирап, 45 адам қаза тапты. Әйтсе де биіктігі 3 метрге дейін жеткен су ауылдағы мешітті айналып өткен. Жан жағындағы үйлердің бәрін жермен жексен етіп шайып кеткенде үйінділердің ортасында шағын мешіт дін аман қалған. Алысқа бармай-ақ 1910 жылы Талдықорған аймағында үлкен жер сілкінісі болды. Сол апаттан қираған үйлердің ортасында Жәркент мешіті қасқайып тік тұрды.
Біздің елімізде ғана емес мұндай таңғажайып құбылыс басқа елдерде де жиі тіркелетін көрінеді.
Мәселен Әзірбайжан Республикасының Зағатал ауданындағы бес бөлмеден тұратын екі қабатты жекеменшік үй отқа оранған. Өрт таңғы сағат 04:56-да басталып, үй иелерін 85 мың манат тұратын дүние-мүлкінен айырған. Алайда барлық дүние-мүлік түгі қалмай жанып кеткенімен үйдің ішіндегі қасиетті Құран оттан «аман» қалыпты. Сауд Арабиясының Жазан қаласында да отқа оранып, тек қаңқасы қалған автокөліктің ішіндегі қасиетті Құран ғана жалыннан аман қалған. 2005 жылы Индонезияда цунами болған кезде бүкіл мешіттер аман қалды. Айналасында бірнеше шақырымда бір терек қалмағанда Банда Ачех қаласындағы ақ мешіт аман қалған бір ғана ғимарат еді. 2005 жылы Шриланка мен Оңтүстік Азияға лап қойған тасқынды ғарыштан түсірген ғалымдар таң қалып, жағаларын ұстады. Өйткені жағаға жақындаған алып толқындардан араб тілінде «Алла» деген жазуды оқуға болатын еді. 1999 жылдың 17 тамызында Түркияда болған жер сілкінісі мыңдаған адамның өмірін қиды. Сол жерде Стамбулдағы Сүлеймен мешіті дір еткен жоқ. Қытай елінде 1931 жылы болған тасқын 4 миллион адамды жұтты. Алайда Сянь үлкен мешіті де бұл зұлматтан аман қалды.
Жалпы, түрлі топан су, жер сілкінісі, өрт, дауыл болған кезде мешіттер, немесе құран аяттары дін аман қалатыны қалай?
Алланың құдіреті демеске шара жоқ…

11209754_367539463446378_6337838228351417084_n 11029489_367539446779713_6891175736569714191_n 11009863_367539426779715_1552487291979614862_n 10923326_367539493446375_2617980710934893452_n

Жанарбек Мағзамұлы, Facebook парақшасынан

http://qamshy.kz/?p=23607

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз