Қарағандыда әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеген қылмыскер ұсталды

0
434

 

26 жастағы әйелді аяусыз өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған қылмыскер құрықталды деп мәлімдеді ауданның ІІД баспасөз қызметі.

Аяулы Сулейменова

“9 мамырда Қарағандыда жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп, 23 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны құрықталды. Қылмыскер өз кінәсін мойындады”, — деп жазылған дүйсенбі күнгі ІІД хабарламасында.

Белгілі болғанлай, 9 мамырда Қарағандының Қазыбек би ауданындағы жылу трассаларының коллекторында 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Әйел 6 мамырдан бері із-түссіз жоғалып, іздеуге алынған болатын.

“Күдікті әйелді ұрыс-керіс барысында өлтіргенін айтып, өз кінәсін мойындады. Кейін өзінің қылмысын жасыру үшін құрбанының денесін бөлшектеп тығып қойған”, — делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, әйелдің денесі 9 мамыр күні шабаданның ішінде мектепке жақын аймақта табылған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз