Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірген азамат құрбаны түсіне кіріп, мазасын алғасын қылмысын мойындады

0
469

 

Ақтөбе тұрғыны құрбаны күнде түсіне кіріп, мазасы қашқаннан кейін жергілікті кәсіпкер Ринат Мұхамбеталлинді өлтіргенін мойындады.

Ринат Мухамбеталин. Фото timeskz.kz

Сотталушының әпкесі Татьяна ағасы Вадимнің екі жыл бойы өзі өлтірген кәсіпкер Ринат Мұхамбеталлинді түсінде көріп, тыныш ұйқысынан айырылғанын айтты деп жазды Times kz.

“Ағамның мазасын алған нендей жағдай екенін кейін өзі айтқанда бір-ақ білдім. Өз кінәсін мойындап, қылмысын ашқанда қорқынышты түстер мазалауын қойды”, – деді Татьяна.

Вадим әпкесіне қылмысты қорғану мақсатында жасағанын айтқан.

“Ринат оған қару кезеп, өлтіретінін айтты. Вадим қарап тұрмай, өзін өлтіріп, көміп тастады… Мен қару жайлы тергеушіге айттым. Қаруды тауып алса Вадимді басқа баппен соттайды деп сендім. Алайда, полиция маған бақшадағы Ринат Мұхамбеталлин көмілген жерді өзің қазып, қаруды өзің тап деп айтты.  Қару сол күйі табылмады. Оны біреу ұрлап кетуі де мүмкін”, – деп сендірді әйел.

Татьяна бақшада адам көмілгенін білмей, сол жерге гүлдер еккен екен. Алайда гүлдер адам мәйіті жатқан жерде дұрыс өспеген.

Вадимді зейнеткер Әлмира Ғазизованы да өлтірді деп айыптап отыр. Әпкесі оның бұл өлімге қатысы жоқтығына сенімді.

“…Вадим көршіміз Әлмираны өлтіруі мүмкін емес. Бұны істеген басқа біреу. Сотқа Әлмираның балалары мен Вадимнің достары келді. Ол барлығының көзіне тіке қарап, бұл қылмысқа қатысы жоқтығын айтты”, – деді Татьяна.

Бүгін аталмыш іс сотта қаралатын болады.

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың күзінде Ақтөбеде аяқ-киім дүкенінің иесі Ринат Мұхамбеталлиннің із-түссіз кеткені хабарланды. 2014 жылдың қаңтарында оны қызметкері өлтірді деген сыбыс кеткен болатын. Сол кезде есімі аталмаған күдікті кәсіпкерді өлтіріп, өз бақшасында көміп тастағанын мойындаған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз