Ақтаулық тұрғындар нәзік жандыларға қол көтерілген жағдайда өздерін қалай ұстайды? Дәл осы сауалға “Лада” тілшілері көшеде жалған қойылым қою арқылы жауап іздеген.
https://youtu.be/xGXvpmDuYWU
Видеодан бойжеткенге қол көтеріп жатқанын көрген ақталуық ер кісілердің көбісі көмек қолын созуға тырыспағаны байқалады. Бейтаныс бойжеткенге жанашырлық танытқандардың басым бөлігі әйелдер болып шықты.
“Тұрғындардың бейтаныс қыз қорланып жатса көмекке шығу-шықпауын тексермек болдық… Ақтауда көпшіліктің көмек бермей кете беруі қынжылтты. Осыдан кейін қорғану курстарына жазылуыма тура келетіндігіне көзім жетті”, – дейді басылым тілшісі.
Дереккөз: Nur.kz