Мексикада шаруалар полициямен қақтығысып қалды

0
500
5
Мексикада ауылшаруашылығы саласында еңбек ететін жалдамалы жұмысшылар мен тәртіп сақшылары қақтығысып қалды.
Салдарынан ондаған адам жарақат алды. Олардың жетеуі ауыр халде. Төменгі Калифорния штатында болған оқиғаға наразылық шарасының тәртіпсіздікке ұласуы себеп болған. Көшеге шыққан шерушілер еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен. Оқиға орнына полицейлер келіп, бас көтерген халықты қуып-таратпақ болып, күш көрсеткен. Оған жауап ретінде ереуілшілер көлік дөңгелектерін жағып, тәртіп сақшыларын таспен атқылаған. Штат губернаторы ашу-ызаға бой алдырған адамдарды сабыр сақтауға шақырып, келіссөз жүргізуге уәде берді. Бірақ бассыздық жайлаған өңір тұрғындары полицейлерден көңілі қалғанын жеткізіп, көзімен көрген оқиғаларды жайып салды.
Роза Санчес, жергілікті тұрғын:
– Тәртіп сақшылары көршімнің үйіне есігін сындырып, баса көктеп кіріп кетті. Біз тұратын көшедегі 4 ер адам мен 1 әйел адамды ұрып-соқты.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63842-p-aldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз