Арканзас штатындағы мектепті бітіріп жатқан түлектер өздері оқыған оқу орнын саудаға қойыпты.
Бұл туралы epochtimes.ru хабарлайды.
Жасөспірімдер мектепті сату туралы хабарландыруды ғаламторда жариялаған екен. Олар бұл сауданың себебін оқуды бітіргеннен кейін мектептің керек болмайтындығымен түсіндірген. Ал білім ошағын сатудан түскен қаражатты түлектер колледждегі оқуларын төлеу үшін жұмсамақ.
Сондай-ақ мектеп маңында көлік тұрағына арналған орын да бар екен. Жалпы түлектердің айтуынша, олар өткен оқу жылында мектептің барлық шығындарын өздері көтерген.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63924-amerikaly-t-lekter-o-y-an-mektebin-sauda-a-shy-ardy