Шымкентте тағы бір “Жамалиев” пайда болды

0
430

28 жастағы Шымкент тұрғыны танымал киімдер бутигінің желісіне қожалық ететін басшысын өзін ұрлап соққыға жыққанын айтып арызданды.

Кадр Youtube.com

Тахир Тахтаходжаев 29 сәуірде Бақытбек Нұрманов және оның көмекшісі Мақсат Мәдиев оны ақша ұрлады деп айыптап, соққыға жыққанын айтты деп хабарлады Today.kz.

Зардап шегуші бір рет соққыға алынғаннан кейін, Мәдиев оны кешкі уақытта қайта кәсіпкерге алып барғанын айтты. Тахтаходжаевты сол жерде тағы ұрып-соққан. Кейін қала сыртына апарған.

“Олар (Бақытбек Нұрманов пен Мақсат Мәдиев) мені саяжайда қамап, күнде соққыға алды. Креслоның ұшымен ұрып, аяқпен тепті. 4-мамырға дейін күшпен ұстап отырды. Өзімді концлагерь тұтқыны сияқты сезіндім”, – деп шағымданды Тахтаходжаев.

Тахир 4 мамырда соққыға жыққандармен аулаға шыққанда Машат өзеніне секіріп, қашып кеткенін айтты.

Тахтаходжаев болған жайтты полицияға айтып, шағым түсірді.

Құқық қорғаушылар Тахир Тахтаходжаевтан шағым түскенін және Бақытбек Нұрмановқа айып тағылғанын растады. Мақсат Мәдиев болса ізін суытқан.

Қазіргі таңда күдікті Нұрманов “Озбырлық”, “Адам ұрлау”, “Заңсыз қамауда ұстау” және “Ұрлық” баптары бойынша айыпталып отыр.

Тергеушінің айыптыны қамауға алу туралы өтініші орындалмағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Кәсіпкер әзірге үй қамағына алынған. Тахтаходжаев бұл шешімді әділеттілікке жатпайды деп есептейді.

избиение1

 

избиение

 

https://youtu.be/MES71G37yl8

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз