Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» атты суреті 180 млн долларға сатылды.
Сөйтіп бұл бәссауда арқылы өз иесін тапқан ең қымбат туынды атанды. Бірақ қылқалам шеберінің өнерін жоғары бағалаған адамның кім екені сол күйі беймәлім. Сатылымға шыққан суреттің бастапқы бағасы 40 млн долларға арзан болған. Майлы бояу үшін әлемнің 35 еліндегі түрлі коллекция жиюшылар таласқан. Айта кетейік, теңдесі жоқ туынды 1955 жылы жарық көрген болатын.
Юсси Пилканнен, Christie’s бәссауда үйінің өкілі:
– Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2013 жылы орнатылған еді. Фрэнсис Бэконның триптихі 142 млн долларға сатылған еді. XX ғасырдағы көркемсурет өнері майталманының қолынан шыққан суреттің 180 млн долларға бағалануы заңдылық дер едім.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/64063-satyldy