Елімізде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артады

0
419
5
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттырып, мінсіз жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін елімізде жобаларды басқару құралдарын енгізу қажет.
Осы мақсатта Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында үшкүндік семинар басталды. «Мемлекеттік басқарудағы жоба менеджменті» тақырыбындағы дәрісті ұлыбританиялық жетекші, халықаралық сарапшы Пол Энтони Брэдли жүргізеді. Семинарға орталық және атқарушы жергілікті органдардан «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы тиісті салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар маманды арнайы шақырған. Олар заманауи технологияларды қолдана отырып, тренинг түрінде өтетін семинардың аса қажет екенін айтуда.
Болатбек Әбдірасылов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
– Жобаларды басқару проблемасы біздің мемлекетте өте маңызды. Себебі, өздеріңіз жақсы білесіздер, бізде мемлекеттік жобалар, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сондықтан біздің мемлекеттік қызметкерлер де осы инструментарийді жақсы біліп, өздерінің жұмыстарына пайдаланса, жүзеге асырылып жатқан жобалар да өте тиімді, жоғары деңгейде орындалады деп ойлаймын.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/64049-tady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз