Тайвань аралында тұратын миниатюрші шебер Чэнь Фонг Шин үлкейткіш әйнекпен ғана көрінетін туындылар жасайтындығымен әлемге танымал.
Ал оның ең соңғы жұмысы тіптен ерекше болып шықты, деп жазады cri.cn.
Қарындаштың ені небәрі 0,5 мм болатын ұшына Чэнь Фонг Шин 39 иероглифті ойып жазған екен. Бұл таңбалар Қытай ақыны Мэн Цзяоның ананы дәріптейтін өлеңінен алынған үзінді болып шықты.
Өлең Қытайда жыл сайын 10 мамырда атап өтілетін Аналар күніне арналған дәстүрлі құттықтауға жатады екен.
China News Service басылымының хабарлауынша, шебер қарындаштың ұзын етіп аршылған ұшына таңбаларды ойып жазуы үшін 10 күн уақыт жұмсап, 5 қарындашты пайдаланған.
Шебер Чэнь бұл туындысын өзін үнемі шығармашылық тұрғыдан қолдаған анасына арнағандығын айтыпты.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/64052-sheber-anasyna-arnal-an-le-di