Йеменде шабуылдар өрши түсті

0
495
6
Уақытша бітімгерлік орнайды дегеніне қарамастан, Йемендегі жағдай тіпті ушығып кетті.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция мен бүлікші топ – хуситтер арасындағы қақтығыстан 90 адам ажал құшып, 300-ге жуығы жарақаттанды. Осыдан бірер күн бұрын екі жақ бір-бірімен 5 күндік бітімгерлік жариялау туралы бәтуаласқан болатын. Оқ атпау туралы келісімге орай межеленген уақытқа бірер сағат қалғанда Йемен жеріндегі қарулы қақтығыс қайтадан өрши түсті. Халықаралық коалицияның лаңкестік пен хуситтерге қарсы операциясы аясында ел астанасы Санаға әуеден жойқын соққы жасалып жатыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, шабуылдардан қаза тапқандардың дені – әйелдер мен балалар.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/64101-shabuyldar-rshi-t-sti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз