Қазақстан армиясы Global Firepower ұйымы жасаған әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 66 орын алды.
Global Firepower мәліметтерінше, Қазақстанда әскери қызметке жарамды 6 млн 438 мың 168 адам бар. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 58-ші орында.
Одан бөлек, Қазақстанда 110 мың әскери қызметкер (49-шы орында) және 378 мың резервтегілер (24-ші орын), 300 танкі (48-ші орын), 1 613 БТР (брондалған транспортерлар) (44-ші орын), 285 өзі жүретін артиллериялық қондырғы (22-ші орын), 744 дана сүйретпелі артиллерия (18-ші орын), 393 дүркіндетіп ататын реактивті жүйесі (12-ші орын) бар екен.
Қазақстанда 233 дана авиациялық әскери техника (41-ші орын) мен 15 дана жағалауды күзететін кемелері (87-ші орын) бар.
Бұл ретте Қазақстанның әскери бюджеті $2 млрд 435 млн-ды құрады. Рейтингте бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 59-шы орынға көтерілген.
Рейтингтегі алғашқы үш орында сәйкесінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Одан кейін Үндістан, Ұлыбритания, Франция мен Солтүстік Корея келеді.
Украина 25-ші орында, Беларусь – 45-ші, Өзбекстан –54-ші, Әзербайжан –63-ші, Армения – 74-ші, Грузия –75-ші, Қырғызстан –78-ші, Тәжікстан –81-ші, Түркменстан –90-шы орында.
Соңғы үш орында Мали, Мозамбик және Сомали орналасқан.
Дереккөз: КазТАГ