Жан-Клод Ван Дамм «Кикбоксердегі» биін ширек ғасырдан соң қайталап биледі (видео)

0
561

 

Голливуд жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм Соnan шоуының кешкі эфирінде «Кикбоксер» фильміндегі биін қайталап билеп берді. Оның бұл биі көп ұзамай әлеуметтік желіде тарап кетті.

 

 

Шоу кезінде жүргізуші Конан О’Брайн «Кикбоксер» фильмі оның сүйікті фильмдерінің бірі екендігін айтып, сол биді қайталап беруін сұрады.

«Мен әлі ол би қимылдарын ұмытқаным жоқ», – деп Ван Дамм ортаға шығып билеп берді. Бұл жерде алдын ала дайындалған екі актер шығып онымен төбелесе кетеді.

Айта кетейік, актер 2015 жылы шығатын «Кикбоксер»  ремейкінде ойнайды. Бұл жолы ол ұстаз шебер Чоудың ролін сомдайды.

«Кикбоксер» фильмі 1989 жылы экранға шыққан болатын. Ол кезде Ван Дамм 29 жаста болған. Сюжет бойынша, бас кейіпкердің ағасы тай боксындағы жекпе-жектен соң мүгедектер арбасына таңылады.

Қарсыласынан өш алмақ болған ол қарт ұстаздан шығыс жекпе-жегінің қыр-сырын үйреніп, рингке шығады. Сарапшылардың пікірінше, «Кикбоксер» фильмі Ван Дамм ойнаған ең үздік фильмдердің бірі болып саналады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз