Атырау облысының әкімі нөсерден зардап шеккендерге пәтер беруден бас тартты

0
470

 

13 мамырда Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов нөсер жауынға байланысты орын алған төтенше жағдайдың салдары туралы мәлімдеме жасады.

Орта мектепке көшірілген тұрғындар. Фото: azh.kz

Атырау облысының тарихында болмаған, 30-32 сағат бойы жауған нөсер жауынның салдарынан 3 айлық жауын-шашын нормасы жауды. Нақтыланатын алдын ала мәліметтер бойынша, 252 үй суға кеткен, оның ішінде 119 үйдің ішіне су толған. Апат салдарын жоюға 143 техника жұмылдырылды.

ТЖД-ға қоңырау соғып ала алмаймыз деген реніштер көп, ол жерде бүкіл қоңырауларды қабылдауға үлгере алмай жатыр. ТЖД қызметінде зардап шегушілермен байланысу үшін бір сәтке де тынбайтын 6 телефон жұмыс жасап тұр. 35 мыңдай қоңырау келіп түсті.

Ізмұхамбетов ауа райына байланысты емес әлдебір проблемаларын шешіп алу үшін төтенше жағдайды пайдаланып қалуды ұйғарған қала тұрғындарының жалған қоңырау соғатындарын атап өтті. Ол бұл әрекетті ұрлыққа балап, адалдыққа шақырды.

“Тіпті, көмек көрсету туралы өтінішпен менің өзіме де соғады. Біз қала әкімімен және ТЖД бастығымен бірге аталған мекенжайларға бардық, айтқандарының бәрі жалған болып шықты. Адамдар өтірік айтады! Ұяттарыңыз қайда? Жағдай өте ауыр, оны пайдаланып қалу – адамгершілікке жатпайды. Немесе кейбіреуі: неге менің көршімнің суын тартып шығарасыздар, ал менікін неге шығармайсыздар? – дейді. Сіздің үй суға кетіп жатыр ма деп сұрасам, жоқ, ауламыз суға толды, ол үйге кіріп кетсе қалай болады дейді. Міне, осындай фактілер бар”, – деді облыс әкімі.

Азаттық көшесінің бойындағы №128 үйдің әрі қарай мекендеу үшін жарамсыз деп танылған 8 пәтерінің тұрғындары мен әкімнің айтуынша, бөлмелердегі су деңгейі жарты метрге жеткен.

“Комиссия үйдің жағдайын тексереді. Бірақ бірден айтып қояйын, пәтерлер бермейміз. Әйтпесе, соған үміттеніп, жүгіріп келіп жатқандар бар. Шаралар алынатын болады, бірақ бірден ескертіп қояйын – бюджет есебінен ескі линолеумді паркетке ауыстырып алу деген жоқ. Сараптамадан кейін ауа райының құбылысынан зардап шеккен адамдардың өз үйлерін өздері жөндеп алуы үшін қаржы тауып, бөлуге тырысамыз. Бірақ қайталап айтамын – цифрлар тек комиссия жұмысынан кейін ғана айтылатын болады. Жұмыстар жүргізілуде, қажетті шаралар алынады”, – деді Ізмұхамбетов.

Облыс әкімі жергілікті атқарушы биліктің қол ұшын созу туралы өтінішіне үн қатқан компанияларды және бас тартқандарды атауды өтінді. Әкімнің айтуынша, енді нөсер жаңбыр болады деп күтілмейді.

“Ертең ауа райы шуақты болады деп болжанып отыр. Егер ауа райы мүмкіндік берсе, 3-4 күннің ішінде бүкіл суға кеткен учаскелерді тазартамыз, көлік жолдарын қолға аламыз”, – деді әкім.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз