Ақтөбеде учаскелік полицей бейтаныс адамға қару кезеп, сыйлық талап еткен

0
347

 

Ақтөбе қаласы Заводской полиция бөлімшесінің 25 жастағы полицейі досының туған күнінде бейтаныс адамға қару кезеп, досына сыйлық беруін талап еткен.

пистолет11

Бұл туралы “Эврика” сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Учаскелік полицейге қарулы ұрлық жасады деген айып тағылды.

30 сәуірде Заводской полиция бөлімшесінің учаскелік полицейі Қайрат кезекшіліктен кейін досының үйіне туған күнге барған. Ер кісілер кештетіп ішіп отырған. Таңғы төрттер шамасында екеуі далаға шығып ішуін жалғастырған. Полицей үстіндегі формасын шешпей жүре берген. Сонымен қатар, тергеушілер оның қолында табельдік қару болғанын айтуда.

Ішіп отырған азаматтардың қасынан өтіп бара жатқан бейтаныс ер кісі полицейден Атырауға 30 000 теңгеге апаратын таксиді қайдан табуға болатынын сұраған. Азаматтың қолында портфелі мен пакетке оралған дүниесі барын байқаған полицей оны өздерімен бірге ішуге шақырған. Полицей портфеліндегі ішімдікті алып, тойлатуға қосыла кеткен ер кісіден досына сыйлық беруді сұрағанын алға тартты.

Алайда тергеушілер учаскелік полицей “ер кісіге қару кезеп, ұрлық жасамақшы болған” деп есептейді. Портфель иесі болса, полиция қару кезеген сәтте қорыққаннан портфелін тастай салып, қашқанын айтуда.

Зардап шегуші оның ішінде 50 000 теңге мен пакет болған деп сендірді. Учаскелік полицей портфель мен пакетке оралған металл іздегіш құралды көтеріп, өз көлігіне салған. Қауіпсіз жерге қашып үлгерген зардап шегуші полицияға хабар беріп, 5 минут ішінде бірден 4 патрульдық машина келіп жеткен.

Азамат 132 800 теңге материалдық залал келтірілгенін айтқан. Учаскелік полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Айыпты деп танылған жағдайда полицей 5-10 жылға бас бостандығынан айырылады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз