Қазақстанның ІІМ-і Ресейге қарсы санкциялар салдарынан бюджет қаржысын игере алмады

0
487

 

Қазақстанның ІІМ 2014 жылы Батыс пен Ресейдің өзара санкциялары салдарынан қару-жарақ сатып ала алмады, деп мәлімдеді Ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов.

МВД Казахстана. Фото wikimapia.org

«Объективті себептерге байланысты игерілмеген қаржы көлемі 496 млн, оның ішінде 146 млн – бұл Ресейге қатысты белгілі бір санкциялардың болуы салдарынан арттехқарулардың жеткізілмеуінен орын алды. Ресейге салынған санкциялар бізге де әсерін тигізді. Және осы ретте объективті себептерге байланысты біздің жеткізушілер жеткізе алмады», – деді Бисенқұлов бейсенбіде парламент мәжілісіндегі республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп таныстырылымында.

Вице-министр ІІМ игерілмеген 3,1 млрд теңгенің 2,407 млрд-ы ТЖ комитеті үшін көп профильді мобильді кешеннің жеткізілмеуіне байланысты екенін айтты.

Оның айтуынша, күрделі жөндеу бойынша ІІМ 182 млн теңге игермеген, ол жеткізушінің өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.

Сондай-ақ 136 млн теңгенің игерілмеуі штаттық санының толық еместігінен, 62 млн-ы – тауар жеткізу бойынша жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындамаулары салдарынан орын алған.

«Бұл ретте біз жұмыс жүргізудеміз, тиісті шағымдар жіберілді, біз қазір олармен соттасып жатырмыз. Жалпы қалған сома бойынша – олар азғантай ғана, олар бойынша да қажетті жұмыстар жасалуда», – деп түйіндеді сөзін Бисенқұлов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз