Манилада алапат өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 72 адамға жетті.
Құрбандардың саны енді өспеуі тиіс. Себебі апаттан кейін із-түзсіз жоғалған адамдардың барлығының денесі табылды. Аяқ киім шығаратын фабриканың отқа орануына ғимараттың кіреберісінде жүргізілген дәнекерлеу жұмыстары кезінде шыққан ұшқын себеп болған. Ал кәсіпорын қызметкерлерінің бірі «от дәнекерлеу құралының жарылуынан шықты» деген пікірде.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/64389-zhetti