Ерболат Досаев: Сумен жабдықтау жүйесі 75%-ға тозған

0
785
8
Биыл судың құны қымбаттауы мүмкін.
1 шілдеден бастап елде жаңа тарифтік саясат енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қазіргі таңда қазақстандықтар тіршілік көзі үшін тым аз төлейді. Есесіне, халық суды көп пайдаланады дейді ведомство басшысы. Ал тарифті көтерсе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы біраз проблеманы шешуге болады. Мәселен, қазірдің өзінде елімізде сумен жабдықтау жүйесі 75 пайызға тозған. Алдағы он жылда инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,5 триллион теңге керек. Қажеттілікті жабу үшін бір ғана бюджет есебінен бөлінетін қаржы жетпейді. Сондықтан бұл салаға халықаралық қаржы ұйымдарынан және несиелендіру арқылы қосымша қаражат тартылуы керек. Ал жаңа тарифтік саясаттың арқасында құбырлар мен қондырғыларды қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Осыған қатысты тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары қабылдады.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Жергілікті жерлерде таза сумен жабдықтау толық шешілген жоқ екенін біз білеміз. Комитетке де, маған да келіп жатқан қағаздардың ішінде ол проблемаларды көріп отырмыз. Сіздерге әкелген заң жобасында жаңа нормаларды енгізгенбіз. Осының бәрінің сапасын көтеріп, біздің халқымызға, елімізге таза су жеткіземіз деген алдымызда мақсатымыз бар.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/64376-toz-an

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз