Астанада екі жеткіншек қыз көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті (видео)

0
504

 

Астанада тал түсте сұмдық оқиға орын алды. Кәмілеттік жасқа толмаған 2 жеткіншек көпқабатты үйдің 11-қабатынан бір мезетте секіріп кеткен деп хабарлайды BNews.kz.

 

Қала тұрғындарының арасында WhatsApp арқылы таралып жатқан бейнежазбада қара киімдегі екі адам үйдің 11-қабатына шығып алып, бір мезетте секіргені анық көрініп тұр. Анықталғанындай олар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыздар болып шықты.

Биік үйдің балконына шығып алып отырған екі адамды қарама-қарсы үйдің тұрғындары телефондарын алып, бейнежазбаға түсіре бастаған.

Алғашында, тосын оқиғаны түсіре бастаған тұрғындар екі адамның не істемек ойлары барын түсіне алмаған. Тіпті, арасында «жәй отырған шығар» деген пікірлері естіліп тұр. Алайда, қара киімдегі екі жеткіншек 11-қабаттан төмен қарай бір мезетте секіріп кеткенде, видеотүсірушілер айқайға басты.

«Астана қаласында кәмелеттік жасқа толмаған екі жеткіншектің суицид жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу оқиғаның анық-қанығын және кәмелеттік жасқа толмағандарды бұндай қадамға не итермелегенін анықтау бағытында жүргізіліп жатыр», – делінген Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Ішкі істер департаменті алдағы уақытта қосымша ақпарат таратуға уәде етті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз