Сезімін білдірген оқушының сыйлығын ғашығы лақтырып тастады (видео)

0
334

 

Ғаламторда қазақстандық мектептердің бірінде болған оқиға қызу талқылануда. Онда бір оқушы бала барлық сыныптастарының көзінше ғашық болған қызына өз сезімін білдіріп, сыйлық сыйлайды. Алайда қыз оның сыйлығын қабылдамай, лақтырып тастайды.

Ғашық болып жүрген оқушы алдымен бәрінің көзінше панноға қыздың суретін салады. Жай салмай, арнайы техникамен бірнеше минуттың ішінде өз сүйіктісінің портретін бейнелейді.

 

https://youtu.be/PFsgoKA-2CQ

Содан соң, осылайша өз сезімін білдіруге рұқсат берген ұстазына алғысын айтып, сыныптың арғы жағында отырған қызға ойыншық аюды апарады. Осы кезде бәрі шапалақтайды. Алайда қыз оның сыйлығын қабылдамайды.

Ойыншықты алып, лақтырып тастайды. Онымен қоймай, өзіне сезім білдірген ұл бала сыныптан шығып кеткеннен кейін портретті де дәлізге шығарып, тастай салады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз