Бала ұрлау туралы тәжірибе ғаламторда қызу талқыланды (видео)

0
1345

520

Танымал америкалық пранкер Джоуи Салэдстің бастамасымен жүргізілген әлеуметтік тәжірибе ғаламторда қызу талқыланды.

 

Аталған видеода Салэдс балаларды күштемей, жай ғана күшікпен алдап, ұрлап кетуге болатынын дәлелдеп шыққан.

Бірнеше күн ішінде видеоны көрушілер саны 30 миллионнан асып кетті.

Бейнеролик кейіпкері танысқан ата-аналардың барлығы да өз балаларының сүйкімді күшікке алдана қоймайтынын айтқан. Алайда, жануарға қызыққан балалар аналарының көзінше бейтаныс адамға еріп кете беріпті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз