Радикалды діннің бұғауына іліккен 26 астаналық Сирияда жүр

0
357

Радикалды діннің бұғауына іліккен 26 елордалық Сирияда жүр. Бұл туралы бүгін «Діндерді зерттеу орталығы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Юлия Денисенко мәлім етті.

сирия
Оның атап өтуінше, тек Астананың  өзінде соңғы жылдары радикалды діннің идеологиясын ұстанатын қалалықтардың саны 3 есеге артып, 300-ден 935 адамға жеткен.

«Эмигранттар санының мол екендігін де естен шығаруға болмайды. Мәселен, қазіргі уақытта елорданың 26-ы тұрғыны Сирияда жүр. Олардың басым бөлігі, яғни 15-і әйелдер. Дәл осындай көлемде шекарадан шықпақ болғандардың жолын құқық қорғау органдары кескен болатын», – деді Денисенко.

Осы ретте ол нақты мысал да келтіріп өтті. Оның айтуынша, Астананың тұрғылықты азаматтарының бірі әйелі мен 2 баласын алып Сирияға аттанған. Арада 7 ай өткенде аталған елдегі қалалардың бірінде өткен соғыс барысында ол оққа ұшқан.

«Бұл жайында оның әйелі құрбысына хабарласып айтыпты. Сонымен қатар ол өзін зорлықпен басқа біреуге тұрмысқа шығарғалы жатқанын жеткізген. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында содырларға жыныстық қызмет көрсетуден бас тартқаны үшін 150 әйелдің атылғандығы туралы ақпарат тарады. Біздің азаматшамыз, Астананың бұрынғы тұрғыны да хабар-ошарсыз кетті. Оның балаларының да қай жерде екендігі белгісіз», – дейді бірлестік директоры.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз