Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды

0
509
5
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және «Е-қызмет» жүйесін енгізу.
Мұның барлығы тиісті сала қызметкерлерінің өз міндетін мінсіз атқарып, кәсіби және автономиялық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін жасалатын жаңа қадам болмақ. Бүгін еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы семинар өткізіп, қоғамда қордаланған өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Тараптар бұл ретте тамыр-таныстық жемқорлыққа жетелеп, кадрлық әлеуетті әлсірететінін әңгімеге арқау етті. Осы орайда әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиістігі өте орынды деп отыр жиынға жиналғандар. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірден-бір бағдарлама дейді мемлекеттік қызметкерлер.
Әдиетолла Жұмағазиев, мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
– Бүгінгі жиын Елбасының жыл сайынғы жолдауына байланысты болып отыр. Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік институттардың жұмысын дамытуға белгіленгені баршамызға белгілі. Бұл орайда кадрларды таңдау еңбегінің әрі қарай негізделуіне байланысты.
Оңғарбай Дәнібеков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің бас инспекторы:
– Іріктеу үрдісінен бастап тестілеуге дейін бастан-аяқ автоматтандырылған. Барлығы электронды қолтаңба арқылы шығады. Мұның өзі мемлекеттік қызметке тек білікті мамандар ғана алынатынын көрсетеді. Елбасы көтерген жанды бастаманың жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/64574-a-ba-yttal-an

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз