Шығысқазақстандық азамат «ЕХРО-2017» көрмесіне 100 мың асық тарту етпек

0
399
7
«ЕХРО-2017» көрмесіне 100 мың асық. Бұл Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында тұратын Болат Тағабайдың тартуы болмақ.
Ол халықаралық көрмеде ұлттық құндылығымызды осылайша дәріптеуді жөн санап отыр. Бүгінде оның қоржынында 45 мыңнан астам асық бар. Әуесқойдың бұл еңбегі еш кеткен жоқ. Былтыр Болат Тағабай ұлттық ойын түрін насихаттаушы және әлемдегі ең асығы көп азамат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Коллекционер тек төрт түліктің ғана емес тауешкі, арқар мен құлжаның да асығын жинаған. Бастапқыда мұнымен өзі ғана айналысса, қазір ауыл тұрғындары да атсалыса бастапты. Енді ол 2017 жылға дейін асықтың санын100 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, көрме кезінде асықпен ойнайтын ұлттық ойынымыздың түр-түрін шетелдіктерге насихаттамақ.
Болат Тағабай, әуесқой асық жинаушы:
– «ЕХРО-2017» көрмесіне экспонат ретінде көрсетіп бір ерекше ұлттық, қазақтың асығын насихаттау жөніндегі ерекше нәрсе жасасам деп отырмын. Енді ол сол кезге таман 100 мыңға таман болып қалады деп отырмын. Көрмеге ұсыну жоспары бар.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/64631-etpek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз