Астанаға “Сұлтан Сүлейман” сериалының “кейіпкері” келеді

0
322

«Махаббатым саған ұқсайды» фильмінің тұсаукесері шеңберінде танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Астанаға келеді деп күтілуде.

бурак озчивит

«Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды.

Бурак – танымал актер, бұдан бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі екінші орынды иеленеді.

Шығармашылық жолының басында Бурак Еуропаның танымал брендтерін жарнамалады. 2014 жылы Стамбул қаласында өзінің «Balibey Döner» атты жеке мейрамханасын ашты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз