Селфи жасамақ болған 18 жастағы бойжеткен тірілей өртеніп кетті

0
364

Өз-өзін суретке түсіруге деген құштарлық салдарынан туындаған қайғылы оқиға Румынияның Яссы қаласында орын алды.

анна урсуЖергілікті БАҚ-та тараған ақпараттарға сәйкес, селфиге қызыққан 18 жастағы Анна Урсу әсерлі суретке түсемін деп тірідей өртеніп кетті.

«Российская газета» басылымының хабарлауынша, бойжеткен құрбысымен бірге пойыздың үстінде тұрған бірегей сурет түсіру үшін теміржол стансасына барады. Пойыздың шатырына шыға берерде қыздардың бірінің аяғы жоғары кернеулі тоқ сымына тиіп кетеді.

Салдарынан, 27 000 вольттық тоқ соққан қыз тұрған жерінде өртеніп кеткен. Тоқтың кернеуі оның құрбысына да тиіп, оны пойыздың үстінен жерге лақтырып жібереді.

Осы сәтте пойыздың маңынан ер азамат өтіп бара жатқан. Оқиға куәгері пойыздың үстіне қарғып мініп, зардап шеккен қыздың өртенген киімін сөндірмек болады. Алайда ол қызды құтқара алмады.

Денесінің 50 пайызын күйік шалған бойжеткен ауруханада көз жұмды. Оның құрбысы да ауруханаға түскен, абырой болғанда оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Өкінішке қарай, әлемді жайлаған селфимания салдарынан туындаған жан түршігерлік қайғылы оқиғалар жиілеп барады.

Таяуда Австрияда Альпі тауына көтерілген британдық оқушы селфи жасаймын деп, 500 метр биіктіктен құлап кеткен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз