Қытайда автобус апатқа ұшырап, 30 жолаушы мерт болды

0
458

Қытай елінің солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында автобустың шатқалға құлап кетуі салдарынан кемінде 30 адам опат болды, деп хабарлайды ТАСС.

автобусҚайғылы оқиға Сяньян қалалық округінің Чуньхуа уезінде орын алды. Апат кезінде 25 адам оқиға орнында жантәсілім етсе, тағы бесеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың саны әзірге нақтыланбауда. Полиция көлік апатының себептерін тергеуді бастады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз