Бостонда (АҚШ) Джохар Царнаевқа 2013 жылғы сәуір айында осы аталған қалада өтіп жатқан марафон кезінде жарылыс ұйымдастырғаны үшін өлім жазасы тағайындалды, деп жазады РИА Новости.
Үкім жұма күні шығарылды.
Сот Царнаевты 17 тармақ бойынша (жалпы 30 тармақ бойынша айыпталған, соның 17-сі бойынша ең ауыр жазаға тартылады) тағылған айыптың 6-ауы бойынша ең ауыр жаза – өлім жазасына лайық деп тапқан. 21 жастағы жігіттің үкімін шығарған сот алқасының құрамында 12 мүше: 7 әйел, 5 ер адам болған.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы 15 сәуірде Бостонда өтіп жатқан марафон кезінде қатарынан 2 жарылыс орын алған болатын. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 260-тайы жарақат алған.
Дереккөз: ИА «Казинформ»