Қазақстандық байлардың ақшасы 100 мың жетімді 50 жыл асырауға жетеді

0
444

1

 

Қазақстанда бір-бірімен жолдары мүлде тоғыспайтын екі санаттағы адамдар бар екенін білетін боларсыз. Байлар мен кедейлерді меңзеп отырмын. Екі санаттағылар екі бөлек әлемде өмір сүретіндер. Байлар байыған үстіне байып, кедейлердің жағдайы тұрақты болып тұратын, кәдімгі біздің күнделікті өміріміз. Жә, әңгіме негізі – басқада.

Мен қалталылардың қалтасындағы қаражатты қызғанып немесе кедейлерді мүсіркейін деп отырған жоқпын. Жақында мынадай екі ақпаратты көзім шалып қалды.

Соның біріншісі:

Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең бай 50 адамының тізімін жариялаған болатын. Бұл әлеуеттік желілерде қызу талқыға түскен соң, «Қамшы» порталы қазақстандық миллионерлер мен миллиардерлердің бар байлығын есептеп көрді.

Сонымен, жеке қорында миллиард доллардан астам қаражаты бар алғашқы бестікке төмендегі кісілер (байбатшалар) кіреді екен:

  1. Болат Өтемұратов – 2 600 000 000 доллар,
  2. Әділжан Ибрагимов – 2 200 000 000 доллар,
  3. Тимур Құлыбаев – 2 100 000 000 доллар,
  4. Динара Құлыбаева – 2 100 000 000 доллар,
  5. Владимир Ким – 1 800 000 000 доллар.

Ал «Форбес» жариялаған  Қазақстандағы ең бай 50 адамның долларын парақтап көріп ек, 25 519 000 000 болды.

Екінші дерек:

Қазақстанның ресми статистикасында былтырғы мен биылғы жылдың өзінде 96 мың жетім бала анықталған. Әрине, жетімдер үйін, интернаттарды паналап жүрген бүлдіршіндерді мемлекет қамқорлығына алған.

Мына дерекке назар салыңыз. Осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам қазақ баласы шетелге сатылып кеткен. Олар Қазақстанды сатып кеткен жоқ. Оларды Қазақстан сатып жіберді.

Енді келесі дерек. Қазақстанда жылына әр жетім балаға мемлекет бюджетінен 1 миллион теңге бөлінеді. Яғни, жетім балаларды асырау үшін, олардың керек-жарақтары үшін жыл сайын 96 миллион теңге қаржы жұмсалады деген сөз.

Бірінші және екінші деректерден түйген ой:

Қазақстандық миллиардерлер мен миллионерлер қаржыларын қазынаға сап, қазақстандық жетім балаларды қамқорлығына алатын болса, не болар еді?

25 млрд. 519 млн. доллары бар баймырзалар 96 мың жетім-жетімектің 10 жыл бойғы тіршілігіне не бары 5 млрд. 760 млн. долларры жұмсалады екен. Яғни, біздің саусақпен санарлық байларымыздың қаражаты 100 мыңға жуық жетім баланы 50 жыл бойы асырауға жетеді.

Бұлардан өзге, Қазақстанның сыртқы қарызы 157 миллиард доллар деген сұмдық ақпарат тағы бар. Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы ортадан төмен отбасылар мен жұмыссыздар саны қаншама?! Баспанасыз жас отбасылар ше?

Ал байлардың ақша санаудан қолдары тимей жүр…

Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз