Бразилияның баспасөз құралдары 51 жастағы батыр ананың жаңа ерлігі жайлы жарыса жазуда.
Жасы елуді еңсерген 20 баланың анасы бразильялық әйел 21-рет ана атанып отыр, деп жазады MIGnews.com.
Ол жүктілік кезінде денсаулығына төнген қауіпке қарамастан, сәбиін жарық дүниеге әкелуге бел байлапты. Артериалдық қан қысымында жайсыздықтар сезінген ана еш қиналмастан дүниеге шекесі торсықтай ұл алып келді.
Қазір сәбидің де, өзінің де жағдайы жақсы. Шақалақтың салмағы үш килограмнан асып түседі, ал бойы 46,5 сантиметрді құраған.
21 баланың анасы 13 жасында алғаш рет ана атанғанын айтады.
Дереккөз: 24.kz