L’Officiel журналы Әлия Назарбаеваны “Жыл адамы” атады деп жазады buro247.kz.
Қазақстан президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева Алматыда өткен Luxe Expo көрмесі барысында “Жыл адамы” номинациясын ұтып алды.
Соңғы кездері Әлия Назарбаеваның есімі БАҚ-та жиі аталатын болды. Бұған дейін Әлияның фотосы L’Officiel сән журналының мамырлық санындағы мұқабасында жарияланған болатын.
Президенттің кіші қызы астананың бірталай іс-шараларында және шетелдік жиындарда байқалған. Атап айтсақ, Алматыдағы Ulyana Sergeenko дүкенінің ашылу кешінде, Buro 24/7 жобасының ашылу салтанатында, Сәкен Жақсыбеков коллекциясының көрсетілімінде, итальяндық Bvlgari зергерлік үйінің 130 жылдығына орай жабық кеште және өзге шараларда қонақтар арасында болды.
Әлия өткен жылдың жазында de Grisogono зергелік сағат маркасының негізін салған Фаваз Груози зергерінің туған күніне де шақырылған болатын. Туған күн кеші Сардиния жағажайының Порто Черво шипажайында өтті.
Әлия Назарбаева үшін бұл L’Officiel журналынан алған алғашқы марапат емес. 2013 жылы оған зергерлік өнерде ұлттық дәстүрді жаңғыртқаны үшін Fashion TV Awards сыйын ұсынған еді.
Естеріңізге салсақ, Әлия Назарбаева итальяндық Damiani зергерлік үйімен бірігіп, Alsara әшекейлерін (Әлия мен оның анасының есімінен құралған) нарыққа шығарған болатын.
Дереккөз: Nur.kz