Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.
“Жақын арадағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында жаңбыр күтілуде, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-22 м/с дейін күшейеді”, – делінген 19-21 мамырға арналған болжамда.
Ауа температурасы нормадан 2-3 градусқа төмендеп, аздап салқындайды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
«20 мамырда Астанада күшті жауын жаууы мүмкін. Жаз шығып келеді, ауа температурасының көтерілуі фонында қалың бұлт пайда болып, әдетте, олардан күшті жауын жауады», – деді «Қазгидромет» РМК қысқа мерзімдік болжам жөніндегі басқарма бастығы Марина Шмидт дүйсенбі күні.
Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік циклондар үшін осындай сипат тән – олар шығысымен жауын-шашын көбейеді: қыста ол бұрқасындатып, қар болып жауса, жазда күн күркіреп, нөсерлетеді.
Келесі оңтүстік циклон 20 мамырда туындайды деп күтілуде деп жазады ҚазТАГ.
«Біз мамыр айында Ақмола облысында нөсер болатынын болжағанбыз, бірақ оның елді мекендерде қалай өтетінін дәл айту күрделіжәне шынымен де сенбі күні жауған жауын-шашын болжанған мөлшерден көп болды», – деп атап көрсетті Шмидт.
Сондай-ақ ол, бір тәулікте айлық норма жауын жауғаны (өткен сенбіде Ақмола облысында 38 мм ылғал жауды) аномальдық ауытқу деп атауға болғанымен, әр жылдары болып отырады деді.
«Осы сияқты ауытқу 2007 жылы 31 мамырда орын алған – ол кезде Ақмола облысында тәулік ішінде 22 мм жауын жауған», – деді Шмидт.
Бұрын хабарланғандай, 16 мамырда Астанада жарты тәулікте айлық норма жауын жауды.
Дереккөз: Nur.kz