Астанада бір топ белсенді Назарбаевтан мемлекеттік тілге қолдау көрсетуді сұрады

6
174

 

Астанада бір топ белсенді президент Нұрсұлтан Назарбаев резиденциясы алдындағы жәшікке хат тапсырды. Хатта белсенділер президенттен мемлекеттік тіл туралы заң талаптарының орындалмауы мәселесіне араласуға шақырған.

0B9CF83A-D880-48E6-8D43-44C5C799B6DF_w268_r1

Белсенді Рахат Икибаевтың айтуынша, үндеу хатты павлодарлық кәсіпкер Руза Бейсенбектегі жазған.

“Ол мемлекеттік сатып алу бойынша кезекті тендерге қатыспақ болған. Бірақ оның құжаттарын мемлекеттік тілде жазылғаны үшін қабылдағылары келмеген. Біз мұны Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарының бұзылуы деп білеміз”, – дейді Рахат Икибаев.

Белсендінің сөзінше, Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту және қолдаумен тек азаматтық сала өкілдері ғана айналысады.

Павлодарлық кәсіпкер Руза Бейсенбектегі бұған дейін мемлекеттік тіл туралы заңнамалардың орындалмайтынына шағымданған. Өткен жылы ол Астанада банкке қарсы сот ісінде жеңіп шыққан. Ол банкті өзіне “қазақ тілінде қызмет көрсетпеді және банк құжаттарында аты-жөнімді дұрыс жазбады” деп айыптаған.

Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілген. Конституция бойынша, орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие.

6 ПІКІРЛЕР

  1. Елбасымыз ана тілімізді тиісті дәрежеге көтерген азамат, сондықтан нақты бұл сұрақты облыс көлемінде шешу керек деп ойлаймын

  2. Ағайындар! тәуба дейік!Бұрынғы кезбен салыстыра алмаймыз ғой. күн сайын т.зеліп екледі жағдай. Біртіндеп бұл мәселе де шешіледі.

  3. Әркім өзінен бастауы керек. Қазақсың ба? Қазақша сөйле. Қазақша сөйлейсің бе? Бай бол. Көп ақша тап. Басқалар саған мұқтаж болсын. Сонда саған елпектеп-ақ қазақша үйренеді. Осылай әр қазақ еңбек етсе, баяғыда тіл мәселесі жойылатын еді.

  4. Бұл бір ұзын арқау, кең тұсаудағы мәселе ғой. ең бастысы, бұндай назар аударулар тіл мәселесін естен шығармау үшін, қамшылап қою үшін керек. бірақ тиісті дәрежеде біраз шаруалар атқарылып жатқанын мойындауымыз керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз