Астана қаласының коммуналдық қызметтері жауын-шашынның шамадан тыс жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр.
Бұл туралы astana.gov.kz сайты жазады. Тәулік бойы су басу қаупіне ұшыраған аудандарда кезекшілік жүргізілуде, жол қозғалысы бақылауға алынды.
«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, 18 мамырда елордада 9380 текше метр жаңбыр суы сорылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша – 4321 текше метр, «Есіл» ауданы бойынша – 2028 текше метр, ал «Сарыарқа» ауданы бойынша 3031 текше метр су сорылды.
Жалпы, үш күннің ішінде (16-18 мамыр) сорылған жаңбыр суының мөлшері 25 мың текше метрді құрады.
Бүгін қала көшелерінде толассыз жауған жауын салдарын жою үшін 80 жуық мамандандырылған техника жұмыс істеуде.
Астанада алдағы күндері де жауын жауады деп күтілуде.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/65096-ryldy