Әнші қыз «Дауыс» конкурсына қатысқаны үшін басынан атылды

0
597
6
Түркияда белгісіз біреу 19 жастағы әнші қыз Мутлу Кайяға оқ атып, оны басынан жаралады.
Қазір ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды lifenews.ru. Фолк стилінде ән салатын Кайя түрік жерінде өтетін «Дауыс» конкурсына қатысқан алғашқы күннен бастап, қорқыту-үркітуге ұшыраған екен. Ақыры өз үйінде сайысқа кезекті дайындық өткізіп жатқан жерінен оны мылтықтан көздеген ер адам терезеден атып, басына дәл тиген.
Мутлу Кайя күрдтер ең көп тұратын Диярбакыр ауданынан шыққан осы этностың өкілі болып табылады. Ал мұндағы халық әйел затының қоғамдағы орнына қатысты өте қатаң талаптар қояды екен. Сол себепті әнші қыздың Түркиядағы ұлттық телевизиядан бүкіл елге таратылатын «Дауыс» конкурсына қатысуын қайткенде де болдырмау үшін ер адам оны атып тынған. Қазір ол ұсталып, полиция бөлімшесінде түсініктеме беруде.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/65088-nshi-yz-dauys-konkursyna-atys-any

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз