Астанада жаңбыр суы үйлерге кіріп жұртты мол шығынға батырды

0
504

Астанада жауған жаңбырдың салдары жұртты әлі әбігерге салуда. Ағатын арық таппай көшені алып кеткен қызыл су енді үйлерге кіріп  жатыр.

астана жауын

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Түнде ұйықтай алмадық. Тарс-тұрс етіп ақырын түсіп жатыр. Міне, төбе де жарылып жатыр. Сүріп тастайды деп еді,ол да жоқ.Енді аяқ астынан қаржымыз да жоқ. Көмек сұраймыз. Үй берсін ең болмаса. Не өзіміз салып алатындай етіп көмек берсе. Мына жерде паналап біз қалай тұрамыз?”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Гүлбану Әлиақпарова.

Қайда барарын білмей шырылдаған келіншектің баспанасы құлағалы тұр. Ағын су жайлаған үйдің іші астан-кестен.

Жеке сектор ғана емес, елорданың элиталық үйлері де жаңбырға шыдас бере алмады. Төбеден сорғалаған су  бірнеше пәтерді алып кетті.

Астананың қақ ортасындағы жеке сектор тұрғындары құтқарушылардан қайыр болмады деп күйініп отыр. Өйткені бір рет суды сорып зым-зымия жоқ болған. Басқа амалы қалмаған халық үйдегі суды шағын мотор сатып алып далаға ағызуға мәжбүр.

Жеке сектор ғана емес, елорданың элиталық үйлері де жаңбырға шыдас бере алмады. Төбеден сорғалаған су  бірнеше пәтерді алып кетті. Бұл жағдайға жұрт табиғатты емес, шатырды бітеп қымтамаған кооператив басшыларын кінәлап отыр.

Енді шығынды кімнен өтерін де білмейді. Оның үстіне синоптиктер нөсердің тағы қайталанатынын айтады. Ал шенеуніктердің өз уәжі бар.

“Көшелерде жаңбыр суының жиналып қалуына бірден бір себеп су өткізетін коллекторлардың аздығы. 2030-жылға дейін арналған  бағдарлама бойынша, оның саны жиырма алты болуы тиіс. Биыл үшеуін ғана салдық. Қалғаны жоспарда”, – дейді  Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы абаттандыру бөлімінің жетекшісі Жасұлан Байжанов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз