Алматыда педофил подъезде орнатылған бейнекамераға түсіп қалды

0
452

Алматыда педофилдің 10 жасар қыз балаға зорлық көрсеткені подъездің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

пед1

Жантүршігерлік жағдай Алматының Радостовец көшесіндегі №1 үйде болған.  Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында Владимир Цой есімімен тіркелген пайдаланушы хабарлады.

Педофилдің зорлық көрсеткені туралы Алматы қаласы Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасына зардап шегушінің анасы хабар берген.

“Қылмысқа күдікті деп жасы 45-50 шамасында, бет-әлпеті еуропалыққа жақын келетін, шашы қысқа, сары, басы тақыр,  сақалды ер кісі танылды. Үстіне қара түсті капюшоны бар күрте, қара қоңыр түсті жейде мен қара түсті шалбар киген”, — деп мәлімдеді пайдаланушы.

Ол, сонымен қатар Алматы қаласы Бостандық ауданы Ішкі істер басқармасының байланыс телефондарына (+7(727)254-47-02, +7(727)254-47-00, +7(727)254-47-45, +7(747)928-67-37) немесе 102-ге күдіктіге қатысты тың ақпарат айта алатындар хабарласуына болатынын жазды.

пед2

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз