Алматыда өзбекстандық азаматша сәбиін $5 мыңға сатпақ болды (фото)

0
432

 

Алматыда сәбиін $5 мыңға сатпақ болған 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы құрықталды.

В Алматы узбекистанка пыталась продать своего новорожденного ребенка

Әйел 20 мамырда кешкі сағат 19:00-де Қабанбай және Панфилов көшелерінің қиылысында өз сәбиін сатқалы жатқан жерінен ұсталды. Баласын $5 мыңға бағалаған келіншек оны сатуды бірнеше ай бойы жоспарлап жүрген.

Полиция өкілдерінің айтуынша, ол Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Жезөкшелікпен айналысып жүрген келіншектің Өзбекстанда күйеуі мен 4 жасар баласы қалған.

“Тінту барысында келіншектен 930 мың теңге көлемінде қаржы табылған. Ақша процессуалды тәртіпте тәркіленіп, заттай айғақтар базасына тіркелді. Қазір Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте 13 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Анасы босанбай тұрып, сатып алатын клиент іздеген екен”, – деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Полиция келіншекті уақытша оқшаулау орнына қамады. Жаңа туылған қыз бала жедел жәрдем көмегімен бөбектер үйіне жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, 19 мамыр күні Алматы облысы клиникалық емханасының перзентханасындағы үш қызметкер жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқаны хабарланған болатын.

1

4

ребенок3

ребенок4

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз