Алматыда джипті тізгіндеген әйел балабақша аумағында 5 жасар қызды қағып өлтірді

0
373

 

Алматыда «Тойота Лэнд Крузер» көлігі №58 балабақшаның дуалын қиратып, ауладағы балаларды басып кетті. Салдарынан 5 жасар бала көз жұмды.

Фото программы "Территория происшествий"

Фото: 365info.kz

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 бала түрлі жарақаттармен орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз қызметі нақтылады. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Көлік жүргізушісі 46 жастағы әйел уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің “көлік құралдарын жүргізетін адамдардың адам өліміне әкеп соқтыратын жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бабы бойынша тергеу басталған.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, көлік дуалға жоғары жылдамдықпен, әйел артқы қозғалысты қосқанда, соғылған. Бул туралы оқиғаның куәгерлері жеткізді. Көлік балабақшаның аумағындағы балалар ойнайтын алаңқайға бірақ кірген. Тәрбиешілер ол кезде 26 бүлдіршіннің ойнап жатқанын айтады. Көз жұмған қыз баладан басқа онда 8 бала болған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған 3 баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда.

Осы балабақшаға баратын басқа бүлдіршіндерді шошынған ата-аналары алып кетіп жатыр. Оқиға орны қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

365info.kz сайты куәгерлерге сілтеме жасап хабарлағандай, апаттан кейін әйел оқиға орнынан ізін суытқан. Полицейлер оны өз үйінен есеңгіреген қалпында тапты. Анықталғандай, оның өз баласы да қайғылы оқиға орын алған балабақшаға барады. Мұнда ол баласын алып кету үшін келген екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз