Мұсылман әлемі үшін он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы 18 маусымда басталады

0
870
4
Тура 29 күннен кейін иісі мұсылман қауым қасиетті Рамазан айын қарсы алады.
Осыған орай бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкіл имамдарды жинап, мәжіліс өткізді. Бас мүфти Ержан Малғажыұлының құттықтауымен басталған жиында қажылық, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері, мешіттерге ат қою және имамдарға бірыңғай шапан үлгісін бекіту сынды 12 мәселе ортақ талқыға салынды. Қатысушылардың қолдауымен бекітілген пәтуаға байланысты пітір садақа көлемі нақтыланып, киім киіс үлгісі де біріздендірілді. Оған сәйкес, облыс имамдарының орынбасыларынан бастап ауыл молдаларына дейін бір үлгіде киінеді. Барлығының шапандары бір тапсырыспен тігілген. Сондай-ақ таяуда су тасқынынан зардап шеккендер мәселесі де шет қалған жоқ. Мәжіліс қорытындысы бойынша, қайырымдылық мөлшері анықталмақ.
Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі:
– Діни басқарманың бүгінгі отырысында пітір садақа мөлшері 200 теңге көлемінде белгіленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында орындалатын игі істерді алға тартып, барша қазақстандықтарды табиғи апаттан зардап шеккен жандарға қайырымдылық көрсетуге үндеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз