Алматыда өзін ҰҚК капитанымын деп атаған бұзақы жүргізушіні ұрып тастады (видео)

0
455

 

Алматыда жол бойында жаға жыртыспақ болған жігіттің әрекеті  ғаламторда үлкен дау туғызды. Ол жолын кесіп өтпек болған жүргізушіні тоқтатып, ұрып тастаған деп хабарлайды КТК.

Busi5u1zjz6bsiguu65Ai513

Бір қызығы, ашулы жігіт өзін қауіпсіздік комитетінің офицерімін деп таныстырыпты.

Ғаламторға видеоны жәбірленушінің өзі – Сергей Даньков жүктеген. Ол өз үйінің ауласына кірер кезде жол тар болғасын, микроавтобусты өткізбек болып, тежегішті басыпты.

Бұл Даньковтың артында келе жатқан «Субару» көлігінің иесіне әсте ұнамайды. Ашулы жігіт көлікке жетіп келіп, айғайға басқан. Онымен қоймай, жұдырық жұмсай жөнеледі. Ол жәбірленушіні соққыға жығып, дереу жолды босатуын бұйырыпты.

 

https://youtu.be/Lvu4qy1U6qE

Тағы бір айта кетерлігі, жұдырық жұмсаған жігіт өзін бірнеше рет ҰҚК капитанымын деп таныстырған. Бүгінде жәбірленуші құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Ол бас-ми жарақатын алған, сонымен қатар, қасы жарылған.

Бүгінде бұзақы іздестіріліп жатыр. ҰҚК департаментіндегілер бейнеролик кейіпкерінің өздерінде қызмет етпейтінін мәлімдеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз