Алматыда құрықталған педофил екі баланың әкесі екені анықталды (видео)

0
528

Тал түсте қаршадай қызға қол жүгірткен азамат өзі де ересек екі баланың әкесі екен. Бүгін Алматының тәртіп сақшылары 52 жастағы күдіктінің түрін көрсетті деп хабарлады “КТК” арнасы.

педоф

Ер кісінің бұған дейін істі болмағаны анықталды. Азамат кінәсін бірден мойындаған. Сол мезетте мас едім деп ақталуда. Дегенмен оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. “Кәмелет жасқа толмаған балаға анайы қылық көрсетті” деген айып тағылған тұрғын енді ұзақ уақыт бостандық көрмеуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Алматыда педофилдің 10 жасар қыз балаға зорлық көрсеткені подъездің бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын.

Әзірге полицейлер күдіктінің атын атаған жоқ. Тек бұрын мұндай оғаш қылығы байқалмаған отбасылы азамат екенін айтты.

https://youtu.be/9EeWfE6qP9c

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз