Талдықорғанда прокурор жігіт әріптес әйелді сабап тастады

0
383

Талдықорғанда жас прокурор зейнетке шығарына аз ғана уақыт қалған әйел әріптесіне жұдырық жұмсаған.

абдирахимова

Осының салдарынан жас жігіт ауылдық жерге ауыстырылса, таяқ жеген қарт әйел мүлде жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Таң телеарнасы.

Кейін белгілі болғандай6 жас жігіт прокуратурада бір бөлімге жетекшілік етіпті. Ол қарамағындағы Бибігүл Әбдірахымовамен бір мәселе жөнінде келіспей қалып, соңынан жұдырығымен бетінен ұрып жіберген.

Бұл мәселе туралы құзырлы орган өкілдері ешқандай ақпарат берген жоқ.  Ал оқиғаның куәгері болса, ер жігіттің анасындай адамға қол көтеруін ешқандай сылтау ақтай алмайды дейді.

“Ол әйелге неше түрлі боқтық сөздер айтып, жекіді. Әйел оның жанына барғаны сол еді, жігіт жұдырықпен салып қалды. Әйелдің ауыр соққыдан ұшып түскенін мен өз көзіммен көрдім”, – дейді  оқиға куәгері Эльмира Мұқашева.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз