Талдықорғанда Қабанбай батырдың ескерткішін қорлағандар ұсталды

0
553

Полицейлер  Талдықорғандағы Қабанбай батырдың ескерткішіне мініп алған бұзақыларды ұстады.

қабанбай

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Естеріңізде болса, екі жігіттің батыр ескерткішіне шығып алып, қорлағаны халықтың ашуын келтірген болатын.
Әлеуметтік желілерде үлкен шу тудырған видеоға  қатысты полиция іздестіру шараларын жүргізіп, Алматы облысының екі азаматын ұстады.

Олардың бірі  Ақсу ауданының Матай станциясынан, ал екінші Іле ауданының Боралдай ауылынан болып шықты. Бір қызығы, аталған видео осыдан 4 жыл бұрын түсірілген екен.

2011 жылы достарының үйлену тойында әбден мас болған екі жігіт байқамай ескерткішке шығып алғандарын айтқан.

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың бастамасымен ұсталғандар қалалық ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті. Олар бұзақылардың бұл қылығы мүлде жөнсіз екенін ескертіп, Қабанбай батырдың ескерткішін қорлау Қазақстанның тарихын сыйламаумен бірдей екенін айтқан.

Осы орайда, ақсақалдар бұзақылардың жазасын жеңілдетіп, оларды қоғамдық жұмысқа салуды ұсынған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз