Қазақстандық жас боксшы Болгарияның үш дүркін чемпионын жеңді

0
386

Тайбэйдегі чемпионатта қазақстандық боксшы Жазира Ұрақбаева 2014 жылғы Еуропа құрлықтық чемпионатының жүлдегерінен басым түсті деп хабарлады BNews.kz.

бокс1

Тайбэйдегі чемпионаттың бесінші күнінің қорытындысы бойынша 12 медаль олжалаған Қазақстан жалпы есепте екінші орынға жайғасты. Бұған дейін жасөспірімдер құрамасынан – 7, ал жастар командасынан 5 спортшы қыздың біріншіліктің жартылай финалына шыққаны хабарланған.

“Жалпы есепте Ресей құрамасы қоржынындағы 15 медальмен көш бастап тұр, екінші орынға біздің құрама жайғасса, үздік үштікті 8 медалімен АҚШ тұйықтаған. Қытай, Үндістан, Түркия, Украинада – 6, Қытайлық Тайбэй мен Ирландияда – 4, Италия, Моңғолия, Польша – 3, КХДР, Венгрия, Таиланд – 2, Әзербайжан, Доминикана, Ұлыбритания, Франция, Германия, Грекия, Оңтүстік Корея, Косово, Швеция мен Вьетнам – 1″, – деп мәлімдеді ҚБФ баспасөз қызметінен.

Жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионы Жазира Ұрақбаеваның (46 кг) Болгарияның үш дүркін чемпионы, 2014 жылғы Еуропа құрлықтық чемпионатының жүлдегері Эми-мари Тодороваға қарсы өткізген жекпе-жегі спорт тақырыбында қалам тербейтін журналистер үшін бесінші күннің ең “шулы” жаңалығы болды. Талай тартыстан сүрінбей өткен болгарлық спортшы бұл жолы Жазираға есе жіберіп алды, 2:1 есебімен аяқталған кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз