Жемқорлыққа күйінген қазақстандық қария ресейлік соттың үстіне бір шелек нәжіс төкті

0
412

 

Ресейдің Куртинка ауылының 65 жастағы тұрғыны көшеде сот төрешісінің үстіне “мынау саған барлық қорлықтарың үшін” деген айқаймен бір шелек нәжіс төгіп кетті деп жазды “Российская газета“.

ведро1

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті аймақтық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық қария осылайша соттағы жемқорлыққа көпшілік назарын аудартқысы келгенін айтты. Ер кісі Куртинка аудандық сотының алдынан шыққан алғашқы төрешінің үстіне нәжісті құя салған. Бір шелек нәжісті ер кісі үш күн бойы жинап сақтаған екен.

Белгілі болғандай зейнеткер ФМҚБ-мен соттасып, Куртинка аудандық сотының шешімі оның арызын қанағаттандырмаған.

1999 жылы ер кісі Қазақстаннан Омбы облысына көшіп, Куртинка АІІБ-на КСРО паспортын жоғалтқанын айтқан. Азамат ресейлік паспорт беруін сұрап, өтініш жазған. Алайда құзырлы мекеме ер кісінің тұлғасы анықталмайынша құжат берілмейді деген шешім қабылдаған. Тексеріс он жылға созылып, ер кісі құжатын соттасып әрең алған.

Зейнеткер ФМҚБ-нан моральдық, материалдық залал үшін өтемақы сұрап қайта сотқа шағымданған.

“Отбасымда жұмыс болмағасын ұрыс-керіс басталды. Салдарынан жанұямды тастап бөлек тұруға мәжбүр болдым. Паспортсыз мен Куртинка ауданынан шыға алмадым. Әлеуметтік төлемдерден, медициналық көмектен қағылдым. Отбасымды қаражатпен қамтамасыз ете алмадым”, – деп сотта шағымданды зейнеткер.

Куртинка аудандық соты зейнеткердің арызын қанағаттандырмады. Ер кісі өз құқықтарын Омбы облыстық сотында қорғауына тура келген. Омбы соты Куртинка сотының шешімін заңсыз деп санап, ауыл тұрғынының арызын қанағаттандырған.

Омбы облыстық тергеу комитетінің өкілі Лариса Болдинова қарияның үстінен Ресей қылмыстық кодексінің 139 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер кісі жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз