Мәсімов: Қазақстан экономикалық тұрақсыздық кезеңін реформаларды жалғастыру үшін пайдаланады

0
477

Қазақстан әлемдік экономикалық тұрақсыздық кезеңін реформаларды жалғастыру үшін пайдаланады, деп мәлімдеді бейсенбіде премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Масимов 1

«Біз экономикалық тұрақсыздық кезеңін құрылымдық институционалдық реформаларымызды  жалғастыру үшін пайдаланамыз, бұл жерде біздің негізгі артықшылығымыз инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар,  заңның үстемдігін күшейту, сондай-ақ жемқорлықпен күрес болып қалады», – деді Мәсімов Астана экономикалық форумы аясындағы инвестициялық форум барысында.

«Тәуелсіздік жылдарында біз дамудың қуатты тұғырнамасын құрдық. Соңғы онжылдықта Қазақстанның экономикалық өсімі екі еселенді. Біз Орталық Азияға миллиардтаған долларды тартудамыз. Орталық Азиядағы барша шетелдік инвестицияның төрттен үш бөлігін Қазақстан тартып жатыр. Сонымен қатар инвестициялық үрдіс қарқын алып келеді. Нәтижесінде, біздің бәсекелестік артып, экономикамыздың оңтайлылығы нәтижелі болуда», – деп қосты ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз