Жириновский Мәскеу метросындағы “Алматы” станциясын хабарлайтын болды

0
346

Ресей мемлекеттік думасындағы ЛДПР фракциясының жетекшісі Владимир Жириновский Мәскеу метросындағы «Алматы» станциясын хабарлайтын болады.

жириновский

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Алматы – ресейлік саясаткердің туған қаласы. Оңтүстік астанада Жириновский 18 жасына дейін тұрған. Сондықтан, саясаткер бұл станцияны бекер таңдамаған.

Жириновскийдің баспасөз қызметі «Алматы» станциясы ашылғанға дейін оның «Братеева» деп аталмақ болғанын хабарлайды. Алайда, ЛДПР көшбасшысы Жириновский «Алматы» атауын ұсынып, станцияға осы атаудың берілуіне күш салған деп жазады саясаткердің баспасөз қызметі.

Мәскеу метросындағы «Алматы» станциясы 2012 жылы ашылды. Ал Алматы метросындағы «Мәскеу» станциясы осыдан бір ай бұрын іске қосылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз